Ақтөбе облысында қар жауып тұр, жүргізушілерге ескерту жасалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы аумағында қар жауып тұр. Облыстық полиция департаменті жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алыс сапарды кейінге қалдырған дұрыс. Қауіпсіздік үшін арақашықтықты сақтауға, ауа райы жағдайларына сәйкес жылдамдық режимін асырмауға кеңес береміз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауа райы болжамын назарға ала отырып, облыстық ПД жеке құрамы жол қозғалысын бақылауды күшейтті. Жол-көлік оқиғасына немесе басқа да төтенше жағдайға тап болған жүргізушілерге полиция қызметкерлері көмекке көрсетуге дайын. Мұндай жағдайда 102 нөміріне немесе патрульдік полиция ротасының кезекші бөліміне 729-725 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ертең де желдің жылдамдығы 15-20 м/сек болатынын ескертті.


Соңғы жаңалықтар