Ақтөбе облысында екі адам суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында екі адам суға батып кетті. Оның бірі балық аулауға шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, Ақтөбе қаласында Сазды өзеніне 62 жастағы ер адам батып кетті. Ол отбасымен бірге демалысқа шыққан. Судан құтқарушылар денесін 2 метр тереңдіктен көтеріп алды.

«Тағы бір оқиға Қарғалы ауданында болды. 70 жастағы ер адам балық аулап жүріп, жағдайы нашарлап, құлаған. Оны куәгерлер алып шыққан. Қазір мән-жай анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жыл басынан 25 адам суға батып кетті, оның төртеуі – бала.


Соңғы жаңалықтар