Ақтөбе облысында бірнеше ауылға газ берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарына, Әйтеке би ауданының Аралтоғай ауылына газ берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елді мекендерге газ беру «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылды. Жалпы ұзындығы 78,6 шақырымдық ауыларалық газ құбырларының құрылысына 750 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды.
«Қыста бірнеше тонна көмір жағып келдік. Бұл отбасылық бюджетке едәуір салмақ түсірді. Күн сайын от жағу да қиын. Газдың кіргеніне өте қуаныштымыз және облыс басшылығына осылай қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз»,- деді Тасөткел ауылының тұрғыны Светлана Сағырова.


Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын құттықтап, жұмысшыларға жұмысты белгіленген уақытында орындағандары үшін алғысын айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл-аймақтарды дамыту, ауылдарда қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасатын болады»,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Айта кетейік, қазіргі таңда Хромтау ауданының 99% газбен қамтылған.
Сондай-ақ Әйтеке би ауданындағы Аралтоғай ауылына да газ берілді. Барлығы 23,5 шақырымдық газ құбырына 299 млн теңге жұмсалды. Ауылдағы 230 үй мен 4 әлеуметтік нысанға көгілдір отын кіреді.
«Газды біз алдымен даму келешегі бар, туу жағынан да, көші-қон жағынан да динамикасы жақсы ірі елді мекендерге жүргізуге тырысамыз. Әдетте бұл - шаруамен айналысу үшін суы бар, жағдайы жасалған, үлкен жолдың бойында орналасқан елді мекендер. Соны ескерсек, бізде перспективті жоспар бар. Газ құбырын жүргізу - бір күндік жұмыс емес екені түсінікті, ол үшін мемлекеттік сараптама жүргізуді есептегенде кемінде бір жыл кететін жобалық-ізденіс жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттама дайындау керек. Қуанышқа орай Үкімет бізді бұл бастамада белсенді қолдайды және соңғы кезде біз жыл сайын кемінде 15-16 ауылды газбен қамтып отырмыз. Биыл 14 ауылға газ кіргіземіз деп жоспарлағанбыз, бірақ 16 ауылды қамтыдық»,- деді Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар