Ақтөбе облысында базар жанып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Алан» базары жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«16 қаңтар күні сағат 05.48-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты «Алан» жабық базарының алдын ала болжаммен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деді ТЖМ-нан.



Оқиға орнына Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің 18 қызметкері мен 3 техникасы, Алға ауданынан 5 қызметкер, 1 техника, Ақтөбе қаласынан 9 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған.

«Өртті сөндіруді ұйымдастыруға басшылық ету үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Аманбаев және Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Қадыров оқиға орнына жетті.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз», - деді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар