Ақтөбе облысында 20 шақты ауыр жүк көлігі жол бойында бөгеліп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол бойындағы көлік апатына байланысты 20 шақты ауыр жүк көлігі бөгеліп қалды.

Фуралардың бірі жиекке шығып кетіп, жолды бөгеп тастаған.

Instagram aktobe_zello парақшасында хабарланғандай, жол апаты Хромтау-Ақтөбе тас жолында болған. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ себеп болған. Автор жол бойында тізіліп тұрған 23-дан астам ауыр жүк көлігін суретке түсіріп алған.

Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар