Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына Рүстем Исаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімі баспасөз қызметінің Instagram парақшасы мәлімет таратты.

44 жастағы Рүстем Исаев - Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимация бөлімінде санитар болып бастаған.​

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарған.


Соңғы жаңалықтар