+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

2021 жылғы 19 шілде 14:08
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Исатай Еспағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ардақ Зебешев инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды Алматы әуежайының президенті ауысты

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Исатай Еспағанбетов тағайындалды.

Исатай Бауыржанұлы Еспағанбетов 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілін 2006 жылы Мәртөк аудандық Экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2008-2018 жылдар аралығында Мәртөк ауданында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, Байторысай ауылдық округінің әкімі, жер қатынастары бөлімінің басшысы, Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалар алдында Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT