Ақтөбе қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Дариға Исмағамбетова тағайындалды.


Дариға Исмағамбетова 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе «Дүние» университетін педагогика және психология мамандығы бойынша аяқтаған.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Калиновка орта мектебінің кітапханашысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің тәрбиешісі, мұғалімі; Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің мұғалімі; Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Калиновка орта мектебінің мұғалімі; Ақтөбе қаласы №15 орта мектебінің мұғалімі, директордың орынбасары, директоры болды.

Кейін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары; Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы; «Nur Otan» Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Бүгінге дейін Ақтөбе қаласы, Астана ауданының әкімі болды.

Д.Исмағамбетованың орнына Астана ауданының әкімі болып Мамырғали Аққағазов тағайындалды.


Мамырғали Аққағазов 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігі бойынша аяқтаған.
Ақтөбе облысының Алға ауданы «Парижская коммуна» колхозының инженері, бас инженері, колхоз төрағасы; Алға ауданының «Ақай» өндірістік кооперативінің директоры; Алға ауданының «Дәурен» шаруа қожалығының басшысы; Алға аудандық әлеуметтік-экономикалық даму орталығының бөлім басшысы; Алға ауданы Алға қалалық округінің әкімі; Алға ауданының «Алға-Жылу» КММ директоры болды.

Кейін Алға ауданы Ильинка ауылдық округінің әкімі; Алға ауданы әкімінің орынбасары; Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің орынбасары; Байғанин ауданының әкімі; Ақтөбе облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы; Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі; «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Бүгінге дейін Ақтөбе облысы, Алға ауданының әкімі болды.


Соңғы жаңалықтар