Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы бес жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде зауыттағы бес жұмысшының өліміне қатысты айыпталған үш сотталушы сот залынан ақталып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе хром қосындылары зауытында жұмысшылар сыйымдылығы 50 текше метр болатын бакті тазартқан. Кейін біреуі ақауды көріп, ішіне кірді. Шықпаған соң тағы үшеуі түскен. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Екі адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіп, іс қозғалды .

Бүгін осы іске қастысты сот үкімі шықты.

«№2 Ақтөбе қалалық соты сотталушы Рустам Балтағожин, Тұрар Бисембин, Өтесін Мұхановқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қаралды. Цех бастығы Рустам Балтағожин, ауысым шебері Тұрар Бисембин және шебер Өтесін Мұхановқа бес жұмысшының өліміне қатысты айып тағылды. Сотталушылар өздерін ақтауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыларды бас бостандығынан айырмауды, жаза тағайындауды сотқа қалдырғанын айтты. Прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қылмыс құрамы болмаған соң сот үкімімен сотталушылар ақталды. Олар заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін сот шығынын өтей алады», - деп хабарлады №2 Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар