«Ақтөбе» футбол клубы тағы сатылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» футбол клубы бұған дейін сенімгерлік басқаруға берілген еді. Енді сатылымға шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы «Ақтөбе» футбол клубы ойыншыларының қарызын біршама өтеді. Көбі кетіп, азы қалғанда қайта сатылымға шығарылатын болды. Енді сенімгерлік басқаруға емес, жекеге беріледі.

«Жекешелендірілудің 2016-2020 жылдарға арналған қаулысы бар. Сол қаулы тізіміне «Ақтөбе» футбол клубы енген. Клуб сатылымға шығарылуы керек. Яғни, маусым айында бағалау, шілде айында комиссия отырысы өтеді. Аукционға шығарыла ма, әлде басқа жолы таңдала ма? Бір шешім болады. Оны кез келген, яғни, шетел азаматы, компаниялар, Қазақстан азаматы, барлығы да сатып ала алады», - деді «Ақтөбе» ФК БАҚ және жанкүйерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Әсет Жомарт.

Еске салсақ, 2018 жылы Самат Смақов карьерасын аяқтап, футбол клубын сенімгерлік басқаруға алды. Құны 100 миллион теңге деп бағаланды. Талап бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында футболды дамыту, Премьер-лиганың клубтарына қойылатын регламенттерге сәйкес, клубтың барлық қажетті жарыстар мен сайыстарға қатысуын қамтамасыз ету (ҚР Чемпионаты, ҚР Кубогының ойындары, Премьер-лига клубтары қосалқы құрамдарының турнирі, ПФЛ кубогы, Премьер-лига клубтарының жасөспірімдер мен жастар командалары, бірінші лига және мини футбол командасы арасындағы ҚР біріншілігі), сонымен бірге УЕФА сайыстарына қатысу туралы құқығын алған жағдайда жарысқа бару міндеттелді.


Соңғы жаңалықтар