+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

«Ақтөбе» әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

2020 жылғы 24 қаңтар 17:56
Бөлісіңіз:
«Ақтөбе» әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» әуежайында бүгін оқу-жаттығу өтті. Арнайы сценарий бойынша вирус жұқтырған жолаушы Нұр – Сұлтан қаласынан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында оңалту орталығы ашылды Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың жағдайы туралы баяндады Норвегия коронавируспен күреске дайын

Арнайы дайындалған сценарий бойынша Нұр – Сұлтан қаласынан келген әуе рейсінде науқас денсаулығына шағымданды. Оның қызуы жоғары, жөтеледі. Тұмауға ұқсас белгілер анықталған соң жолаушы оқшаулау бөліміне жіберіліп, мамандар шақырылды. Дәрігер тексеруінен соң науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі.

«Аурудың көзі теңізде өмір сүретін жәндіктен тараған деп айтып жатыр. Екінші нұсқада ұшатын тышқаннан шыққан. Бұл вирус табиғатта бар. Бірақ жәндіктен адамға жұғып, мутация болып, адамнан адамға тараған. Бүкіл әлемде, Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кез келген жағдайға дайынбыз. Бастысы – адам тез арада оқшауланады», - деді облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшсының орынбасары Мұхтар Сербаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT