Ақтаулық тұрғын өзі тұратын үйдің кіреберісін ерекше қылып безендірген

None
None
АҚТАУ.ҚазАқпарат- Ақтаулық тұрғын үйінің кіреберісін өз қолымен ерекше сәндеп қойған. Тұрғын құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратып, қабырғаны заманауи үлгіде безендірген. Мозайкалар құрастырып, әртүрлі картиналарды іліп қойған. 5 шағынауданның 22-үйіндегі 4-ші қабаты бір көрген адамға өнер галереясы сияқты.

«Осылай безендіруге подъездердің сұрықсыз келбеті әсер етті. Қара бояумен салынған, сызылған түрлі жазулар да бар. Сосын өз қолыммен безендіруге кірістім. Әктеп, сырлап, кафельдерді жабыстардым. Картиналарды тауып алып келдім. Қазір өзімнің жасағаныма жалғыз мен емес, көршілерім де дән риза. Себебі, әр адам үйіне келгенде көңіл күйі көтерілуі керек. Енді қарасаңыз, бір демалып қаласыз»,- дейді Сергей Наумов.

Автор Сергей Наумовтың айтуынша, одан «Бұл үй қонақ үй ме?» деп сұрағандар да болыпты. 1 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ерекше үлгіде безендірген Сергей Наумовтың еңбегіне көршілері де риза.


Соңғы жаңалықтар