Ақтаулық таэквондошы егіз қыздар финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Жекпе-жектің нәтижесін «тас, қайшы, қағаз» деп аталатын ойын шешті.
Апалы-сіңлілі егіздер Айя мен Сая Кенжеғали таеквондо турнирінің финалында бір-бірімен жекпе-жек шығудан бас тартып, өзара танымал ойын арқылы жеңімпазды анықтауға шешім қабылдады. Бұл ойында Айя жеңіске жетті.
Маусым айының 9-13 аралығында Қызылорда облысында 2010-2011, 2012-2013 ж.т. жасөспірімдер арасында таэквондодан республикалық турнир өтті.
Турнир Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналды.
Жарыста республикамыздан 800-ден астам спортшы бақ сынасып, маңғыстаулық жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды.
Маңғыстау командасының жетістіктері:
36 кг салмаққа дейін - Абунасыр Құлыш – 1 орын;
32 кг салмаққа дейін – Аян Бағдат – 1 орын;
30 кг салмаққа дейін – Нұрдәулет Құралықов – 1 орын;
26 кг салмаққа дейін – Адина Көшербаева – 1 орын;
24 кг салмаққа дейін – Айя Кенжеғали – 1 орын.
36 кг салмаққа дейін – Асылбек Алий – 2 орын;
30 кг салмаққа дейін – Жанерке Байменова – 2 орын;
28 кг салмаққа дейін – Алихан Қапеш – 2 орын;
26 кг салмаққа дейін – Исмаил Рзагали – 2 орын;
24 кг салмаққа дейін – Сая Кенжеғали – 2 орын;
36 кг салмаққа дейін –Омаржан Қоспақов – 3 орын;
34 кг салмаққа дейін – Бибісара Самалханқажықызы – 3 орын;
32 кг салмаққа дейін – Нұрсат Закария – 3 орын;
26 кг салмаққа дейін – Сезім Нариманқызы – 3 орын;
26 кг салмаққа дейін – Нұрдаулет Сенғали – 3 орын;
24 кг салмаққа дейін –Абдуалим Рзагали – 3 орын.