Ақтауға аққулар келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға биыл аққулар ерте келді, деп хабарлайдыь ҚазАқпарат mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін аққуға асыққан ақтаулықтар теңіз жағасына жиналды. Олар киелі құсқа нан беріп, суретке түсіп үлгеруді әдетке айналдырған. Ал шағалалар аққулар лақтырылған нанға таласып, қағып алып жатты.

Аққу құстың ерте келіп, теңізде еркін жүруін ақтаулықтар жақсылыққа балап отыр», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жыл сайын Каспий теңізі жағалауына қыстау үшін аққулар ұшып келеді.

Өткен қыста Ақтауға аққулар қайтар айының басында кешігіп келген еді.

Соңғы жаңалықтар