Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Ақтау-Ыстанбұл» рейсін орындаған ұшақ Ақтау әуежайына қайта қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«SCAT» әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова хабарлағандай, бортта болған бала өзін нашар сезінген. Кейін Әуе кемесінің командирі Ақтау әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

«Борт жергілікті уақытпен сағат 23.45-те Ақтау халықаралық әуежайына қонды. Ақтауға оралғаннан кейін жолаушыны дәрігерлер күтіп алды. Рейстің орындалуы барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін Ыстанбұлға бағыт алды»,-деді Виктория Старожилова.


Соңғы жаңалықтар