Ақтаудағы туыстарының үйінен қашып кеткен 15 жасар қыз Атыраудан табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 15 жасар ақтөбелік жасөспірім қыз Атырау қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның алғашқы үш күнінде түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталған.

Жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған,

«27 қазанда полиция органдарына Маңғыстау облыстық полиция департаментінен 15 жасар жасөспірімнің Ақтау қаласындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, отбасына оралмағаны туралы бағыттама түсті. Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімді Құрсай ықшамауданындағы нағашы әжесінің үйінен тапты. Тексеру кезінде Ақтөбе қаласында тұратын 15 жасар жасөспірім Ақтау қаласындағы туыстарының үйіне барған. Туыстарына айтпай, таксимен Атырау қаласына келгені анықталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жасөспірім Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Шымкенттен жалғыз өзі қыдырып келген жасөспірім ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар