+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді

2021 жылғы 7 наурыз 20:27
Бөлісіңіз:
Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жануар Ақтаудағы көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сомалидегі жарылыс:  17 адам қаза тапты Ақтөбеде көлік аударылып, бір жолаушы көз жұмды ОАР-дағы өрт тоғыз адамның өмірін жалмады

Жабайы түлкіні 6 наурызда таңғы 6-да 36 шағын аудандағы «Сандықтас» тұрғын үйінің тұрғындары байқаған. Оның кіреберіске қалай кіргендігі белгісіз.

Видеода жабайы аңның шығарға жол табу мақсатымен қабырғаларға өрмелеп жатқандығы көрінеді. Видеожазбаның авторлары түлкіні далаға шығарып жіберді.

Бұл жағдай туралы «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин өз пікірін білдірді.

«Түлкіні біреудің үйінде ұстауы, оның қашып шығуы немесе арнайы жіберілуі мүмкін емес. Егер бұл шеткі тұрғын үй болса, оның түзден азық іздеп келуі ықтимал», - деген ойда Кирилл Осин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT