Ақтаудағы мектепке Фариза Оңғарсынова есімі берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы жалпы білім беретін №29 орта мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектептегі мемориалды тақтаның ашылуына ақынның сіңлісі Алмагүл Оңарсынова, облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев қатысты. Сондай-ақ мектепте Фариза Оңғарсынованың кабинеті де ашылды. Онда оқырмандар ақынның шығармашылығымен таныса алады.

«Атырауда туып, Алашқа әйгілі болған Фариза Оңғарсынова үшін Маңғыстаудың орны ерекше болған. Фаризаны ешкім Маңғыстаудан бөліп қарастырмайды. Ақынға деген халқының ықыласы да тіптен ерек. Маңғыстаулықтар мұны мерейтойы қарсаңнада тағы дәлелдей түскендей. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың есімі берілгендігі мектебіміз өте қуаныштымыз. Содан бері қарай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Фариза апамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған он күндік те өткіздік»,-дейді

Ф. Оңғарсынова атындағы мектептің директоры Жайна Ізтұрғанова.

Ақын өмірінде де, өнерін де де Маңғыстау бар. Тіпті ақынның 1969 жылы «Маңғыстау маржандары» атты жыр жинағы шықты. Ал енді сол және өзге де шығармаларын, оның өмірін ақын атындағы мектептің оқушылары арнайы жасақталған кабинет арқылы таныса алады. Мұнда тек кітап, журналдар ғана емес сонымен қатар ақынның тұтынған бұйымдары да бар.

Соңғы жаңалықтар