Ақтаудағы асылып қалған сарбаз дәрігерлер келіп жеткенше көз жұмған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бригада құрамында болған дәрігер мен фельдшер оқиға орнына 10 минутта жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына жетпей тұрып жігіт жантәсілім еткен.

«Мүмкін біреулер оның суицид жасағанын көргенде немесе ертерек хабарлағанда, оны аман алып қалуға болар ма еді»,-деп пікір білдірді ҚазАқпарат тілшісіне Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«2019 жылдың 31 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні таңғы 04:13 кезінде Маңғыстау облысының жедел медициналық жәрдем станциясының «103» қызметіне жас жігіттің өзіне қол жұмсағаны туралы шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 10 минутта жеткен болатын. Белгілі болғандай, суицид жасаған 18 жастағы әскери борышын өтеп жатқан матрос болып шықты. Жас жігіт - Түркістан облысының тумасы»,-деді басқарманың баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов.

Еске сала кетейік, Маңғыстауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсаған болатын. Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы теңізші-сарбаздың өлімін тексеретін болды.

«Сот сараптамалары тағайындалды. Ең алдымен мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Одан бөлек, өлімнен кейінгі сот-психиатриялық сараптама бекітілген», - деп жауап берді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, департамент басшысы әлімжеттік болған-болмағанын да тексеретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар