Ақтауда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда тұрғындардың өтініші бойынша үйлерді жылыту мерзімінен бұрын басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нормативтер бойынша жылыту маусымы бес тәулік ішінде орташа тәуліктік температура 8 градустан жоғары көтерілмеген жағдайда беріледі. Алайда, ақтаулықтардың өтініштерінен кейін жылу беру мерзімінен бұрын, 7 қазанда басталатын болды.

Биылғы жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталды. Қыркүйек айының ортасынан бастап еліміздің солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінің тұрғындары күннің суытуына байланысты биліктен үйлерді жылытуға ертерек қосуды сұрай бастады. Ақтауда ауа температурасы соңғы бірнеше күн бойы +12, +13 градус аралығында сақталады.

Ақтау әкімдігінде қала шаруашылығының алдағы жылыту маусымына дайындығы бойынша күн сайын жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Коммуналдық қызметтер тұрғындардың үйлеріне жылу беруге дайын.


Соңғы жаңалықтар