Ақтауда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда «Lada Largus» жүргізушісі жол апатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2002 жылы туған «Lada Largus» жүргізушісі апат орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.

«Ауруханаға 2002 жылы туған жас жігіттің мәйіті жеткізілді. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен қыз бала да ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетті. Алдағы уақытта амбулаториялық ем алуы керек» делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы 20 шілде күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудың 7 шағын ауданында болған. Жолда «Toyota» және «LADA Largus» маркалы көлік соқтығысқан. Салдарынан «Toyota» көлігі аударылып қалған.



Соңғы жаңалықтар