Ақтауда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында онлайн-тренинг өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн-тренинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Zoom» платформасы арқылы өткен шараға үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты – 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және оның елдегі деңгейін төмендету.

Онлайн тренинг үш бағыт бойынша өтті. Саяси және қоғам қайраткері Зәуреш Батталова, Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының жетекшісі Арман Евниев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Наурыз Борсанов интерактивті карта, жобалық менеджмент, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында баяндама жасады.


Соңғы жаңалықтар