Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26-шы ықшамауданда жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 23 қаңтарда шамамен 20:55-те болған. Мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26 және 27 ықшамаудандар арасындағы жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

— Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар