Ақтауда жарық шамының бағанынан тоқ соққан 8 жасар бала көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Оқиға 23 маусым күні Ақтауда болды. 8 жасар бала тоқ соғып мерт болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00-дер шамасында №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болды.

«Оқу орнының қоршауының маңына жарық шамы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала осы шамның бағанын ұстаған кезде оны тоқ ұрған. Оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үшін оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар