Ақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлері адасып кеткен 7 жасар баланы тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері адасып кеткен 7 жасар баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, оқиға 8 мамыр күні кешкісін болды.

Сағат 18.30 шамасында қатардағы жауынгерлер Әлихан Сәрсенов (топ басшысы, Райымбек Құбаш, Сапарғали Сәрсенбеков көшеде жылап отырған 7 жасар ұл баланы көреді. Сұрастырып білген кезде Әлиханның ойнап жүріп адасып кеткенін анықтайды.

Арада 15 минуттан кейін баланы өздігінен іздеп, таба алмаған анасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жолығады. Сәуле Тасмағамбетова ұлы Әлихан Құлхановты тез тауып бергені үшін 6656-әскери бөлім командирінің атына хат жазып, сарбаздарға ризашылығын білдірді.

Қырағылық көрсеткені үшін аталған жауынгерлер 6656-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

Бұдан бұрын Ақтауда 7 мамыр күні Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалып кеткен 4 жасар қызды да тапқан болатын.


Соңғы жаңалықтар