Ақтауда тұратын «буынсыз бала» болашақта күйші болғысы келеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда буынсыз бала тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды «пластилин-бала» деп те атайды. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады. Ерекше қабілетін бағалаған режиссерлер оны киноға да шақырған.
13 жастағы Азамат Нұрқожа Ақтаудағы №8 мектепте оқиды. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.
«Түнде кейде бұралып ұйықтай береді. Алғашында үрейленіп, кейін бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарға жіберетін болдық. Біраз жарыстарға да қатысып, таныла да бастады. Азамат ең алғаш 7 жасында «Баланың бәрі таланты» бағдарласына қатысқаны үшін «Маңғыстау» телеарнасының басшысынан алғыс хат алған болатын»- дейді Азаматтың анасы Жанна Байбозова .
Азамат болашақта атақты күйші болуды армандайды. Оған бірнеше ұсыныс түскен. Алайда ол домбыра құлағында ойнап, жоғарғы деңгейдегі күйші болғысы келетіндігін жеткізді.
Ол 2018 жылы «Балапан» телеарнасында «Дара бала» тележобасының қатысушысы; Республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында дипломант; Халықаралық «Бала шабыты» байқауында II орын; «Ұлы дала ұрпағымыз» жарысында лауреат; «Таңғы шұғыла» байқауында «буынсыз бала» номинациясының I орын иегері; Халықаралық «Звезда удачи» додасының I орын жүлдегері болған.
- СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар
- Саясаттанушы: Садыр Жапаровтың сапары Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған
- Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бірлескен мәлімдеме жасады
- Аралас форматты оқу кезінде инклюзивті білім беру қалай жүзеге асады
-
Оралда газ мекемесінің 7 қызметкерінен коронавирус анықталды
-
Алматы дәрігерлері науқастың жанарын сақтап қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам