Ақтауда Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашық спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ш. Есенов атындағы Yessenov университетінде ашық спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Шараға қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ректор Берік Ахметов, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының өкілдері қатысты.

Университет кампусында 1 баскетбол, 1 волейбол, 2 теннис корты пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 4800 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 6 ай жүргізілді.

Мұнда білім ордасының студенттері, оқытушы құрамы осы спорт түрлерімен айналысып, қалаған уақытында шыныға алады.

Алдағы уақытта спорт шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Негізгі мақсат – бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын сақтау және насихаттау.


Соңғы жаңалықтар