Ақтауда төбесінен су аққан тұрғын үйді салған мердігер мекеме өкілі жауап берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақтау қаласында толассыз жауған жауын кезінде 19 шағынаудандағы «Тыныштық» тұрғын үй кешенінің төбесінен су ағып, жоғары қабаттың тұрғындары әуре-сарсаңға түсті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына қалалық тұрғын үй инспекциясы маманы, тұрғын үйге қызмет көрсетуші және тұрғын үй құрылысына жауапты «Mega Technology Company» ЖШС өкілдері барды.

Мамандар тұрғын үйдің суағар құбырына қоқыс жиналып қалғандықтан су кеткенін анықтады.

«Шығынды есептеп, өтеуге уәде береміз», - деді осы үйдің құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілі «Mega Technology Company» ЖШС директоры Әліпбай Дүзмағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда күні бойы жауған жаңбыр салдарынан орталық көшелердің суға толып, жаңадан салынған көпқабатты үйлердің төбесінен су аққаны туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар