Ақтауда «Теннис орталығында» провизорлық стационар жасақталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы барлық қала мен аудандардағы пульмонологиялық провизорлардағы орындардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Науқастардың көптігіне орай Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен және Ақтау қалаларына басымдық берілуде,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустық пандемияның қазіргі өршу сатысында пневмонияның көбейіп бара жатқандығы байқалып отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, наурыз айында дене қызуы көтеріліп ауырған науқастар 14 күннің ішінде жазылып кеткен болса, қазіргі кезде вирус бірден адамдардың өкпесіне түсіп, пневмониямен аурғандардың саны көбейіп кетті. Осыған қарай аймақ басшыларына бұрын дайындаған әртүрлі стационарларды өкпе қабынуын емдеуге арнап қайта жабдықтауына тура келді.

Маңғыстаудағы барлық қала мен аудандардағы пульмонологиялық провизорлардағы орындардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Науқастардың көптігіне орай Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен және Ақтау қалаларына басымдық берілуде. Мысалы, Бейнеу ауданының орталығында 55 орындық провизорлық стационар дайындалды. Жаңаөзенде 75 орындық провизорлық орталық әзірленді.

Ал, Ақтауда науқастар саны көп. Себебі қалаға іргелес жатқан Мұнайлы ауданының, Түпқараған мен Қарақия аудандарының тұрғындары да облыс орталығына келіп, шағымдарын білдіреді. Осыған байланысты Ақтауда 4 бірдей пульмонологиялық провизор орталығы іске қосылды.

Біріншісі - Ақтаудағы 1-шағын ауданда орналасқан бұрынғы қалалық перзентханада жасақталған 100 орындық провизорлық госпиталь;

Екіншісі – 1-шағын аудандағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің базасында ашылған 100 орындық провизорлық госпиталь, үшіншісі - облыстық аурухананың «Б» блогында құрылған 300 орындық провизорлық орталық (мұнда қазір 75 орын бос тұр), төртіншісі – «Приморский» шағын ауданындағы жағажайда орналасқан «Теннис орталығында» 150 орындық провизорлық стационар жасақталды. Бұл орталық қазір науқастарды қабылдауға толық дайын, көмек көрсететін медициналық қызметкерлер де бөлінді»,-дейді аймақ басшылары.

Айта кетейік, сондай-ақ облыстық ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, 5-6 қабаттарынан 150 орын провизорлық стационар ашылады.

«Жаман айтпай жақсы жоқ, жағдай күрделеніп, науқастар саны артатын болса, облыс деңгейінде әлеуметтік нысандарда уақытша провизорлық орталықтар жасақтауға мүмкіндік бар. Барлық провизорлық стационарлар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, қорғаныш құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтылатын болады. Ол жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жағдай жасалып, қонақүйлерге орналастырылмақ»,-дейді облыс басшылары.


Соңғы жаңалықтар