Ақтауда теңіз жағасындағы жартас опырылып құлады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда теңіз жағасындағы жартастың бір бөлігіп опырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теңіз жағасындағы жартастың опырылуы қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында болған.

«Оқиға орнына шұғыл жұмыс тобы барып, тиісті жұмыстарды жүргізіп, қауіпсіздік белгілерін орнатуда. Қауіпсіздік мақсатында жартасты соқпақ жолдар толық жабылды», - делінген Ақтау әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.


Соңғы жаңалықтар