Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде таралған видео авторы теңіз жағасынан денесі табылған үлкен кесірткені түсіріп, оның қандай бауырмен жорғалаушы және суға қалай тап болғанын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қаладағы эколог Кирил Осин пікірін білдірді. Оның айтуынша, видеодағы жәндік - игуана тұқымдасына жататын кесіртке.

«Бұл - бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отряды, игуана тұқымдасына жататын ең үлкен кесірткелердің бірі. Игуана - ұзақ эволюциялық өзгерістерден өткен ежелгі тұқымдастар. Олардың динозаврға ұқсайтыны да сондықтан. Теңіз жағалауында жатқанына қарағанда Ақтау тұрғыны пәтерінде асыраған болуы керек. Өліп қалған соң мұнда әкеліп лақтырып кеткен. Негізі игуаналар ағашта өмір сүреді. Бүгінгі таңда кейбіреулер экзотикалық жануарларды үйінде өсіреді. Бұл дұрыс емес. Мұны қадағалайтын заң қабылданбағандықтан адамдар ойына келгенін жасайды», - дейді Кирилл Осин.

Соңғы жаңалықтар