+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ақтауда теңіз жағалауында көлігімен қауіпті трюк жасаған жүргізуші жазаланды

2020 жылғы 29 қараша 17:27
Бөлісіңіз:
Ақтауда теңіз жағалауында көлігімен қауіпті трюк жасаған жүргізуші жазаланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық полицейлер теңіз жағалауында көлігімен қауіпті трюк жасаған жүргізушіге төрт хаттама толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО

Маңғыстау облысы полиция департаментнің мәліметінше, тәртіп бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылған.

Ақтау полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Toyota Camry» жүргізушісінің жеке басын анықтады. Ол 15-шағынаудандағы жағалаудың жаяу жүргіншілер аймағында дрифт ұйымдастырған.

«Тәртіп бұзған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу), 596-бабының 1-бөлігі (жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру қағидаларын бұза отырып жүру), 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау) және 612-бабының 2-бөлігі (көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның көлік санаты) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» делінген хабарламада.

Жалпы жүргізушіге 43 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Шамамен 119 454 теңге. Көлік айып тұрағына қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT