Ақтауда саябаққа қойылған мүсіндерді бұзақылар үш күннен соң қиратып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында саябаққа қойылған балалар мультфильмі кейіпкерлерінің мүсіндерін бұзақылар арада үш күн өтпей қиратып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігініне сілтеме жасап.

«Қаланы абаттандыру мақсатында «Ақбота» саябағына жасанды ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылған болатын. Алайда 3 күн өтпей қаланың белгісіз тұрғындары мүсіндерді қиратып кеткен. Әкімдіктің тапсырмасымен бұзылған мүсіндер қайта қалпына келтірілетін болады. Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарын ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, бүлдірмеуді сұраймыз», делінген әкімдіктің Facebook-тегі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар