Ақтауда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт 7- шағынауданда орналасқан 5-үйдің пәтерінен табылды.

«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді» делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазған едік.

Ол кезде күдікті қаза тапқан әйелдің Kaspi Gold картасынан үш миллион теңге сомасындағы қаражатын ұрлап кеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар