Ақтауда пәтер өртенді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы 5 шағынаудан, 42 үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 24 қараша кешкі 9 шамасында болған.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің мәліметінше, кеше 21:10-да 101 нөміріне қаладағы тұрғын үйлердің біріндегі бесінші қабаттағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

«Үш бөлмелі пәтерде өрт болған. Тұрмыстық техника мен үй заттары түгелдей жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгеннен кейін жарты сағаттан кейін сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр» делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар