Ақтауда онлайн неке қидыруға өтініш бергендер көбейген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда коронавирустық пандемия басталған алғашқы айларда неке қидыруға өтініш бергендер саны аз болған. Дегенмен, соңғы екі айда онлайн неке қидыруға өтініш берген жұптардың саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айша Елемесованың мәліметінше, сәуір айында күрт төмендеген неке саны әдеттегі көрсеткіштерге оралды. Ақтаудағы ерлі-зайыптылар жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, некені тіркеуге өтініш бергендер саны көбейген.

«Қазір АХАЖ-да аптасына екі-үш рәсім өткізіледі. Көбі неке туралы құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығынан алады. Ал салтанатты бөлім басқа жерде өткізіледі. АХАЖ-ға қол қоюға келгендерге біз әдемі суретке түсіп, қонақтармен бірге негізгі залға баруды ұсынамыз», - деді қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Айша Елемесова.

Некені тіркеуге өтініш ХҚКО арқылы құжаттарды реттегеннен кейін беріледі.

«Рәсімдерде бізде маска режимі сақталады. Залда оннан артық адам отыруға болмайды. Әдетте жас-жұбайлардың ең жақын достары мен туыстары ғана қатысады. Залдар кең. Сондықтан салтанаты шара барысында қонақтар мен АХАТ қызметкерлері арасындағы қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді», - деді Айша Елемесова.


Соңғы жаңалықтар