Ақтауда мейрамханалар карантинге қарамастан тығылып жұмыс істеген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг барысында ресто-бар «Versailles» және «Loft Pub» бары сияқты мекемелердің эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.

Бұл мекемелер сағат 00:00-ден кейін жұмыс істеуін тоқтатпаған. Адамдар көптеп шоғырланған.

Қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері барлық қажетті фотосуреттер мен бейнежазбаны жинап, акті толтырып, мекеме қызметкерлерінен түсініктеме алды.

Әрі қарай бұл материалдар тиісті шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына беріледі.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардв бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру шарасы қолданылады.

Ақтау қаласының әкімдігі тұрғындар мен кәсіпкерлерді барлық қажетті санитарлық нормаларды және азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырады.



Соңғы жаңалықтар