Ақтауда коронавирус анықталған адам Қызылордадан келген

None
None
​АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін коронавирус анықталған науқас Ақтауға Қызылордадан іссапармен келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір 50 жастағы науқас уақытша тұрған үйдің бір подъезі (Ақтау қаласы, 11-шағын ауданы, 10 үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр.

Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын карантин режимін сақтап, сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар