Ақтауда карантин кезінде жасырын жұмыс істеген кафелер анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бас санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілдері бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Маңғыстау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 21-қазан күнгі № 42 Қаулысына сәйкес, кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат делінген. Алайда, 17 шағынауданда орналасқан «Seаsons» және «Сұлтан Паша» кафелері карантин талаптарын орындамай, тұрғындарға қызмет көрсеткен.

Қоғамдық ас ішетін орындардың иелерінен түсініктеме алынып, хаттама толтырылды.

Аталған нысан иелеріне әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес, 30 бен 200 АЕК аралығында айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар