Ақтауда еліміздегі ең ірі демалыс кешенінің іргетасы қаланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий жағалауында еліміздегі ең ірі курорттық кешенінің іргетасы қаланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаудан 20 шақырым жерде 160 гектар аумақты алатын демалыс аймағы 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Туристік нысанда орналасатын 4 жұлдызды қонақ үйдің іргетасын қалауға Премьер-министр Асқар Мамин арнайы келді. Отандық туризмді дамыту үшін жобаның жаңа мүмкіндіктерін ашатынын айтып, сәттілік тіледі.null

Түркиялық мердігер компания өкілдерінің айтуынша, курорттық аймақта жағажай клубы, теннистік корт, футбол алаңы, ойын-сауық орталығы, жылытылатын бассейн, Қазақстандағы ең ірі аквапарк, СПА болады. Жалпы, кешен 4 кезеңге бөлініп салынады және 18 шақырымға жалғасады. Айта кетейік, қонақ үй бір мезгілде 1 мыңнан астам адамды қабылдауға қауһарлы. null

«Жобаға 57 млрд теңге бөлініп отыр. Бірінші кезеңде 440 нөмірлі қонақ үй саламыз, 2-ші, 3-ші кезеңде гольф орталығы мен ойын-сауық орталығы, соңғы кезеңде - аквапарк, 9 атракцион, соңғы технологиялармен жабдықталған көңіл көтеру орталығы болады. Осы аптада құрылыс басталады»,-дейді жоба сәулетшісі Сельчук Йелкен.null

Былтыр Елбасы Ақтау саммиті кезінде қаланың болашақта Қазақстанның Анталиясына айналатынын айтқан еді. Міне, алғашқы қадам жасалды.

Айта кету керек, бұл шара - 15 мамырда өткен Астана экономикалық форумының жемісі. Форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов шетел инвесторымен ірі жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімге келген еді.

Соңғы жаңалықтар