Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Халық батыры Ер Шотан Назарұлы жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірім ұл-қыздар арасындағы дәстүрлі жарыс 19-20 қазан Ақтау қаласындағы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Шотан Назарұлы атындағы дзюдо турнирі алғаш рет 2015 жылы Жаңаөзен қаласында облыстық турнир ретінде ұйымдастырылды. Кейінгі жылы республикалық деңгейге көтерілді. Ал үшінші жылы жарыс облыс орталығына ауысып сол жылдан бастап ашық республикалық турнир деңгейіне жетті. Міне, биыл бесінші жыл алыс-жақын шет елден балуандар тұрақты қатысуда.

Биыл 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер Шотан Назарұлының жүлдесі үшін бақ сынайды. Бұл бәсекеде еліміздің барлық аймағы мен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Ингушетия, Қарақалпақстаннан 600-ге тарта балуан келген.

Турнир жеңімпаздарына ҚР «Спорт шеберіне үміткер» атағы беріледі. Командалық сайыс жеңімпаздары қаржылай сыйға ие болады:

I орын 200 000 ₸

II орын 100 000 ₸

III орын 50 000 ₸

Соңғы жаңалықтар