Ақтауда бойжеткен 3-қабаттан құлап кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең 7- шағын аудандағы №3 үйде болған. Бойжеткен биіктіктен құлағаннан кейін аман қалған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеді.

Аталған факті Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді.


Соңғы жаңалықтар