Ақтауда «Әлем балалардың көзімен» атты көрме өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда Батыс Қазақстан облысының есту және сөйлеу қабілеті нашар, зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар тәрбиеленушілерінің жұмыстары көпшілікке таныстырылды. Облыс орталығында «Әлем балалардың көзімен» атты көрме өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның мақсаты – ерекше балалардың талантын таныту.

«Аялаған алақан» қоры бірнеше жыл қатарынан ақысыз негізде ерекше балаларға сурет салуды үйретіп келеді.

Жыл сайын олардың жұмыстарының қорытындыларын қойлыған көрмелері өткізіледі.

«Олар ешнәрсеге қарамастан, түрлі қиындықтарға, денсаулыққа байланысты мәселелерге қарамастан әлемге мейірімді, таза көзімен қарайды. Көптеген ересектер балалардан көп нәрсеге үйрене алады. Алдағы халықаралық деңгейге шығу, шетелде көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр», - дейді қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Рада Хайрушева.

Қор 1000-нан астам баланы әртүрлі бағытта оқытты. Оқыту бірнеше жыл бойы тегін жүзеге асырылады.

Балалар сабаққа апта сайын қатысады. Қор ақша жинауға қатыспайды, оның қызметі оқытуға бағытталған. Сурет салуға қажетті құралдарды қамқор азаматтар әкеледі.


Соңғы жаңалықтар