Ақтауда 83 жастағы қария вакцина алғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық 83 жастағы зейнеткер вакцинадан кейінгі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зоря Погуляева коронавирус инфекциясына қарсы екпенің екі компонентін алды. Ол I компонентті сәуір айында салдырған. Әуелі алғашқы медициналық тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алды. Вакцинадан кейін зейнеткердің ағзасында ешқандай теріс әсер байқалған жоқ.

Оның айтуынша, жанұяның саулығы үшін маңызды науқанға бей-жай қарамай, отбасының барлық мүшесі ерікті түрде екпе алды. Енді олар бір-бірінің денсаулығына алаңдамай, емін-еркін араласады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргенге не жетсін. Сондықтан облыс тұрғындарын вакцинаны үй ішімен алуға шақырамын. Бұл орайда дәрігерлерге алғыс айтам», - деді зейнеткер.


Соңғы жаңалықтар