Ақтауда 1 желтоқсан күні 49 сәби дүниеге келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінде 49 сәби (28 ұл және 21 қыз) дүние есігін ашты. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында - 31 және Ақтау қалалық перзентханасында 18 шақалақ туылды.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр мен перзентханалардың бас дәрігерлері мереке күні ана атанған барлық әйелдерге ойыншықтар мен гүл шоқтарын сыйлап, құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

 

Кеше туылған сәбилердің ең кішісі - 7 айлық қыз-бала. «Уақытынан әлдеқайда ерте туылған сәбидің салмағы 1 кг 300 грамм. «Торсықтай» сәбиіміз де қыз бала - салмағы 5 кг 150 грамм. 1 желтоқсан дүниеге келген 31 сәбидің 19-ы ұл және 12-і қыз. Барлық аналардың денсаулығы жақсы, біздің бақылауымызда. Жылдың басында 7 мың бала туылса, соның 74-і егіздер, 2 рет үшемдер дүниеге келді», - деді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Жаманбаева.

 

Соңғы жаңалықтар