Ақтау көшелерінің бірінде Қызыл кітаптағы сирек кездесетін құс назарға ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау көшелерінің бірінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құс тұрғындардың назарына ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, 12 қараша күні күндіз Қызыл кітапқа енген дуадақты 1В шағын ауданындағы «Тас сарайы» құрылыс материалдары дүкенінің аумағында орналасқан көлік жуу орнынан байқаған. Мұндай құсты алғаш рет көрген тұрғын оны бейне таспаға түсіріп алған. Сонымен қатар ол дудақтың аяғында арнаулы белгі болғандығын атап өтеді. Дәл осы бейне таспа облыстық аумақтық инспекциясының назарын аударды.

Инспекция мәліметінше, бейне таспадағы құс - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дуадақ. Жыл сайын халықаралық келісімшартқа сәйкес Шымкенттегі тәлімбақта өсірілген дуадақтар арнаулы рейспен Маңғыстау облысына жеткізіліп, табиғат аясына жіберіледі. Осы жылдың шілдесінде және қыркүйегінде Маңғыстау облысына 2 мың дуадақ жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілген.



Соңғы жаңалықтар