Ақтау қаласының әкімі ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақтау қаласы Мәслихатының келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімі бойынша Ақтау қаласының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

Нұрдәулет Игілікұлы бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы1978 жылы 10 сәуірде Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында өмірге келген.

1999 жылы М.Тынышбаев атындағы көлік және комуникация қазақ академиясынан «Теміржол көлігін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер» мамандығын алып шыққан.

2003 жылы Л.Гумилев атындағы ұлттық Евразиялық университетінің «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығын аяқтаған.

Ол тасымал процесін басқару жөніндегі инженер, қаржыгер. Оның еңбек жолы Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен байланысты. Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК Атырау тасымал бөлімінің Маңғышлақ станциясында кезекші ретінде бастаған. Кейін қабылдаушы-тапсырушы, бас маман болып қызмет етті.

2002-2008 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-та түрлі лауазымды атқарды. 2008-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жол қатынасы комитеті төрағасының орынбасары, «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры болды. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басшы қызметін атқарды. 2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың қыркүйегі аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы — басқарушы директоры болды.

2017 жылдан «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы, 2018 жылдан «Теміржолсу» Ақ басшысы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас Директоры – Төрағасы, 2018 жылың желтоқсан айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар