Ақтау қаласында көшеден 3 жасар бала табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалып кеткен 3 жасар ұл баланы анасына табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, оқиға 28 маусым күні сағат 22.50 шамасында орын алды.

Құрамында қатардағы сарбаздар Мұхамедәли Жайсаңбаев, Асылжан Қаратауов, Жанболат Мадьяров бар әскери топ 7-шағынауданда «Чакур» жеке ауруханасының жанында жылап отырған баланы көреді.

Сарбаздар баладан анасымен серуендеп жүріп, адасып кеткенін сұрап біледі.

Бұдан кейін ол таяу маңдағы полиция пунктіне жеткізілді. ұл кезде ата-анасы ұлдарын шарқ ұрып, іздестіріп жатқан еді.

Тірек пунктінде жауынгерлер сәбиді анасына табыстады.

«Ұлымды тауып берген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне аналық алғысымды білдіремін. Ел мақтаныш ете алатын осындай сарбаздар тәрбиелеген командирлеріне де рахмет айтамын. Қиындыққа тап келген кезде бірінші болып қол созатын осындай жандардың болғанына не жетсін!», - деп жазды 6656-әскери бөлім командирі Марат Рахпановқа баланың анасы.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда қырағылық көрсеткен аталған жауынгерлер 6656-әскери бөлім командирі тарапынан ынталандырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жаңаөзен қаласында сөмкесіне есірткі салып алған тұрғын иісшіл иттің көмегімен ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар