Ақтау қаласы маңында арыстан жүр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 102 пультіне Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Полиция аңды ұстап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Кезекші пультіне Ақшүкір кентінде арыстанның емін-еркін жүргені туралы ақпарат шамамен 05:30-да келіп түскен.

«Полиция департаментінің басшылығы, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп түскен шақыртуға дереу шықты. Арыстан ұсталды. Ол аман. Қазіргі уақытта жануардың қайдан шыққаны анықталуда», - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.


Соңғы жаңалықтар