Ақтау әуежайында жеке куәліктің цифрлық нұсқасын пайдалануға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Ақтау әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Бұрын мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайларында қолжетімді еді.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушыға «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет», - деп жазылған комитеттің мәліметінде..

Дегенмен әзірге бұл пилоттық жоба болғандықтан, комитет өкілдері жоғарыда аталған әуежайларда жолаушылардың өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алып жүргені жөн екенін ескертеді.

«Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлі кқоғамының, отандық әуе компаниялары мен әуежайлардың және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен күш-жігерінің арқасында пайда болды», - деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар